Бүгінгі қоғамның өзекті мәселесіне айналған нашақорлық жайлы туындының айтпағы тереңде жатыр. Жазушы-драматург Рахымжан Отарбаевтың аталмыш шығармасы арқылы өскелең ұрпақтың санасына теріс әдеттерден аулақ болуға үгіттейтін өнегені анық аңғаруға болады. Қасіретті тағдырдың құрбаны болған кейіпкердің өкініші өзекті өртейді. Ғасыр дертінен айығудың амалын таппай, өмірден баз кешкен жанның тауқыметі кейінгі ұрпақты салауатты өмірге шақырып қана қоймай, тағдырдың өз қолыңда екендігіне сендіреді. Қыршынын қиылған Жалқытай тағдыры өз көрерменін бір сәтке ойға шомдырып, елең еткізбеуі екіталай.
Спектакль «Қасірет» – гораздо больше, чем просто история о наркозависимом парне. Это – размышление о борьбе с собственной слабостью, которое в той или иной степени близко и понятно каждому. Цель спектакля - пропаганда здорового образа жизни, а также отказ от употребления наркотических веществ.
Адрес: г. Костанай, ул. Тарана, 144
Телефон: +7 (7142) 543 956, 541 151