Шекспирдің бұл трагедиясы әлемдік сахналарда сан мың рет қойылған. Бір-біріне өлердей ғашық уыздай екі жас Ромео мен Джульеттаның сезімі ежелден жау екі әулет Монтекки мен Капулеттилердің қарсылығына ұшырап, қалайда үйленбек талпыныстары ақыры қайғы-қасіретпен аяқталады. Адам бойындағы менменшілдік, пендешілік қасиеттердің айналасына әкелер қайғысы аз ба? Теардың жас актерлерінің жалынды ойынымен көркем қойылымның бір идеясы – жаулық, өшпенділік атадан балаға мирас болмауы тиіс.
Адрес: г. Костанай, ул. Тарана, 144
Телефон: +7 (7142) 543 956, 541 151