Жасы жетсе де үйленбей, ата-анасына масыл болып жүрген сұр бойдақтар мен тұрмыс құрмай отырып қалған қыздар баршылық, қойылымға қоғамымыздағы осы бір проблема өзек болған.
Бірі жиырмадан, бірі отыздан асқан, бірі қырыққа таянған үш ұлын ата-анасы: «Түк бітірмей түске дейін ұйықтайсыңдар, жастарың жетті, өз күндеріңді өздерің көріңдер» деп үйден қуып шығады. Үш ұл да жеделдетіп келіншек әкеледі. Қартайған шал-кемпір мен келіндер, бойдақтықпен қош айтысқан ұлдар арасындағы қызықты оқиғалар күлкі шығарғанымен ұлттық шешуі қиын мәселелерді қозғап, үйленбей жүрген сұр бойдақтармыз, әлде тұрмыс құрмаған қыздарымыз кінәлі ме әлде қоғам ба? Жауап дәл айтылмайды, қойылым көрермендерді тоғандырып, ойға жетелейді.
Смотреть расписание спектаклей Областного казахского театра драмы им. И. Омарова
Адрес: г. Костанай, ул. Тарана, 144
Телефон: +7 (7142) 543 956, 541 151